Конференция Ереже негізінде ұйымдастырылды. Байқау туралы ақпарат (Ереже,өткізу тәртібі,нәтижелері) ашық болып табылады және Колледждің ресми сайтында жаңалықтар бөлімінде жарияланды.
Байқаудың мақсаты:
Медициналық бейіндегі мамандарды даярлау сапасын жақсарту және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын XXI ғасыр медицинасында инновациялық технологияларды зерделеуге және пайдалануға баса назар аудару.
Байқаудың міндеттері:
- Білім беру кеңестігін кеңейту;
- Білім алушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру құзыреттіліктерін дамыту
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
- Медициналық білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына деген ынтасын қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын дамыту
Байқауға өз қалауы және оқытушының нұсқаулығымен бойынша колледждің мейіргер ісі, емдеу ісі, акушерлі іс және стоматология мамандықтарында оқитын студенттер қатысты. Конференцияда студенттер теориялық, практикалық білім және дағдылармен бірге зерттеу жұмыстарын да тиісті деңгейде көрсете алды. Конференция соңында студенттер колледж директоры тарапынан мадақтамалармен марапатталды. Бас жүлде және 1- орын иеленген Хайтметова Диана және Қайратбеков Улуғбектер қалалық конференцияға жолдама алды.
