Өткізілген күні: 25 қыркүйек 2025 жыл
Өткізілген орны: ОАЖМК, 1-этаж
Іс-шараның атауы: "Фармацевт – халық саулығының сақшысы"
Ұйымдастырушы: Сайфуллаева Б.М.
Мақсаты:
Фармацевт мамандығының маңыздылығын насихаттау, медицина саласындағы еңбектерін бағалау және сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау.
Қатысушылар:
Іс-шараға бірінші және үшінші курс студенттері қатысты. Олардың қатарында колледж әкімшілігі және фармацевт мұғалімдер болды.
Іс-шара барысы: Іс-шараның ресми бөлімі кіріспе сөзбен басталды. Онда ұйымдастырушылар фармацевт мамандығының қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
Одан кейін студенттер мен қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, олар сәтті орындалды. Бұл тапсырмалар фармацевтикалық білім мен дағдыларды тәжірибе жүзінде көрсетуге бағытталды.
Іс-шара аясында зертханалық (лабораториялық) жұмыс ұйымдастырылып, студенттер өздерінің тәжірибелік машықтарын көрсетті. Жұмыс барысында дәрілік заттармен жұмыс істеу, өлшем бірліктерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау сынды маңызды дағдылар қамтылды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында әкімшілік өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, студенттер мен қызметкерлерге кәсіби мереке аясында жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңында белсенділік танытқан студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл олардың мотивациясын арттырып, фармацевтикалық салаға деген қызығушылығын одан әрі күшейтті.
Нәтижесі:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мамандықтарына деген мақтаныш сезімін білдіріп, ұжымдық рухты көтеруге ықпал етті.