Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Политехникалық колледжі» нің ұйымдастырумен өткізілген Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «START-UP» Жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Жас зерттеушілердің білім саласындағы IT технологияларды пайдаланудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы қалалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында колледжіміздің ФМК 21-23 тобының студенті Султанбайева Диана «Тағамдық қоспалардың адам ағзасына зияны» тақырыбындағы ғылыми жұмысын жоғары дәрежеде қорғап шықты және Бас жүлде «Үздік жоба - 2024» және конференцияның кубогын жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі Хасанова Дамира Закиржановна. Жеңістеріңіз құтты болсын! Колледж атауын биіктерден көрсете беріңіздер!