Орта –Азиялық Жоғары медициналық колледжінде 2025 жылдың 03-07 қараша күндері «Кәсіптік пәндер» пәндік (циклдік) комиссияныңапталығы болып өтті. Апталық жоспары алдын ала жасалынып колледж директоры Д.Х.Хасанова тарапынан бекітілді. Апталықта жоспарланған барлық ашық сабақ, сабақтан тыс іс-шаралар өз уақытында жоспарға сай орындалды. Оқытушылар сабақтарында топтық жұмыс, муляждар, АКТ дан тиімді пайдаланды. Студенттердің пәнге болған қызығушылықтары өте жоғары екені берген жауаптарынан көрініп тұрді. Әсіресе, «Жас анатом» байқауында студенттер теорияда алған білімдерін тәжірибеде өте жақсы көрсетіп берді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын дебат, пікірталастар студенттер үшін тиімді болды. Апталық соңында колледж директоры тарапынан апталықта белсенді қатысқан студенттерге Ташкент қаласына, Қасқасу демалыс орнына және қаладағы кинотеатрға текін сертификаттар берілді. Апталық колледж оқытушылары және директор тарапынан жоғары бағаланды.
