Іс-шара барысында колледж студенттері мен әкімшілігі ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың білім беру жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Мерекелік кеште: • Студенттер ұстаздарға арнап әндер айтып, өлеңдер оқыды; • Шығармашылық қойылымдар мен сахналық көріністер ұсынылды; • Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара жылы көңіл-күймен, жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар қауымы студенттердің сыйластығы мен шығармашылығына ризашылықтарын білдірді.