Тәуелсіздік күні – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған қасиетті күні. Бұл күн – халқымыздың ерлікке толы тарихының, жарқын болашаққа деген сенімінің айғағы.
Тәуелсіздік – әр қазақтың жүрегіне ұялаған ең қымбат құндылық. Осы бір қасиетті ұғым бізге азаттықты сыйлап қана қоймай, ұлт ретінде өз жолымызды анықтауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі бейбіт өміріміз, білім мен ғылымға деген ұмтылысымыз – осы Тәуелсіздіктің жемісі. Колледжіміз де еліміздің дамуына өз үлесін қосып, білімді, дарынды, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп келеді.
Сіздерді осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің аспаны ашық, келешегі кемел, болашағы жарқын болсын! Әрдайым бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!