«Өмірің — өз қолыңда» атты ақпараттық-танымдық кездесу
Жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Өмірің — өз қолыңда» атты ақпараттық-танымдық кездесу өтті.
Іс-шара Орта-Азиялық Жоғары медициналық колледжінде жастар арасында өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында төмендегі тақырыптар қамтылды: • Лудомания (құмар ойынға тәуелділік) мәселесінің зияны; • Отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары; • Суицидтің алдын алу жолдары; • Қыздар кеңесі – қыз баланың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі.
Кездесу аясында психологтар мен сала мамандары студенттерге: • Психологиялық көмек алу жолдары, • Күйзелістің алдын алу, • Отбасымен тиімді жұмыс жасау әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара студенттер үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор кездесу ретінде өтті.