Новости OAJMK

"GRADUATION 🎓 2025" — Армандарға жол ашатын сәт!

Орта-Азиялық Жоғары медициналық колледжі 2025 жылдың бітіруші түлектеріне арналған «GRADUATION 🎓 2025» салтанатты кешін жоғары деңгейде ұйымдастырып отыр. Бұл күн – білім мен қажырлы еңбектің жемісін сезінетін, студенттік шақпен қоштасып, кәсіби өмірге алғашқы қадам басатын ерекше сәт.

Салтанатты жиында түлектерге дипломдар табысталып, үздік оқушылар мен белсенді жастар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталады. Сондай-ақ, оқытушылар мен ата-аналардан жүрекжарды лебіздер айтылып, әсерлі естеліктермен бөлісілмек.

Құрметті бітіруші түлектер!
Сіздер біліммен қаруланып, енді нағыз өмір жолына аттанғалы тұрсыздар. Осы сәттен бастап сіздерді үлкен белестер мен жауапты міндеттер күтіп тұр. Алған білімдеріңіз — сіздердің өмірлік шамшырағыңыз болсын! Еңбектеріңіз ел игілігіне жарасын, таңдаған жолдарыңыз сәттілік пен табыстарға толы болсын!

Ізгі тілекпен, Орта-Азиялық Жоғары медициналық колледжі ұжымы!

2025-06-23 13:30