Новости OAJMK

Қарттар күніне орай өткізілген қайырымдылық іс-шарасы


Іс-шара аясында колледждің белсенді студенттері қаламыздағы қарттар үйіне барып, қарттармен жүздесті. Олар өз құрметтерін білдіріп, жылы лебіздерін айтып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, студенттер қарттарға қажетті тұрмыстық заттар мен сыйлықтар табыстап, көмек көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, аға буынның еңбегін бағалау және студенттердің бойында мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту болды.
Made on
Tilda