Новости OAJMK

«Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі»нде ғылыми жұмыс

2025 жылдың 13 мамырында «Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі»нде . «Мейірбикелік тәжірибедегі заманауи үрдістер, пациенттерді күтудегі инновациялар және жаңа технологияларды енгізу» тақырыбы бойынша орта буындағы медициналық білім беру мекемелерінің студенттері арасында онлайн-форматта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға біздің колледждің 2 студенті яғни колледжішілік конференцияның жеңімпаздары Хайтметова Диана және Қайратбеков Улуғбектер қатысты.

Студенттеріміз № 2 секция: Оқыту мен дамытудың инновациялық тәсілдері бағытында өз жұмыстарын қорғады.



ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ негізінде қорғап жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынды.

Комиссия қатысушылардың жұмысын мынадай критерийлер бойынша 0-ден 20 балға дейін бағалады:


№Бағалау критерийлері
Балдық саны

1Баяндаманың тақырыбы жүргізілген зерттеудің мәнін көрсетуі тиіс.

Ғылыми жұмыс зерттеудің қысқаша аннотациясын, өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ практикалық және теориялық маңыздылығын қамтуы тиіс
Баяндаудың ғылыми стилі, мазмұнының толықтығы мен тұтастығы
Практикалық денсаулық сақтау саласымен интеграция элементтерін көрсету.
Медицинаға сұранысты арттыру және ғылыми зерттеулерді енгізу
Қорытындылар міндеттерге сәйкес келуі тиіс.
Қойылған сұрақтарға жауаптардың сапасы
Жалпы балл 20
Студенттеріміз өз іс-тәжірибелерін тиісті деңгейде қорғап шықты және 3- дәрежелі дипломдарға ие болды.
Made on
Tilda