Новости OAJMK

25 қазан- Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі- "Республика күні"

25 қазан - Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дал осы куні 1990 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл негізінен елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың маусымында өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды.

Бұл күн еліміздің тарихында ерекше орын алады.

Республика күні - азаматтық келісіммен ұлттық бірлесудің, елдің бүгінімен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі.

Ұлы даламызға құт қонып, Қазақстанымыз өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке мен бірлік мәңгі орнай берсін!

Бүгінгі мерекелік күнде еліміз өркендеп, жайнап, ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын. Мереке құтты болсын!
Made on
Tilda