Студенттердің құқықтары:1.Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға , өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, ақпарат алу еркіндігіне, өз ойын еркін айтуға;
2. Мемлекетті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
3. Колледждің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, кабинет жетекшісіне, оқытушыларға өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Колледж жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, колледж заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы колледж атынан сайыстарға, іс-шараларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
6. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға;
7. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында сабақтан тыс үйірмелерге қатысуға;
8. Егер білім алушы жетім болса – тегін, жартылай жетім болса-30 000 тг., бір отбасынан екі студент осы оқу орнында оқыса-20 000 тг.,бір отбасынан үш студент осы оқу орнында оқыса-30 000 тг. төлем ақысынан жеңілдік алуға
Құқығы бар.Студенттердің міндеттері:1.Әр адамның ар-намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстауға;
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, топтан және колледжден тыс іс-шараларға қатысуға;
3. Әрқашан колледж ұжымының игілігіне үлес қосу, колледж намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыруға;
4. Оқытушылар мен колледждің басқа қызметкерлерін қадір тұту, колледж директорының, оқытушылардың, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ, топ жетекшісінің нұсқаулары мен қарарларына бағынуға;
5. Мінез-құлық ережелерін сақтауға:
-Үлкендерге құрмет, кішіге ізет танытуға;
-Басқа адамның ар-намысын қадірлеуге;
-Құқықбұзушылыққа жол бермеуге;
-Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы уайымдауға,
-Темекі тартпауға, ішімдік ішпеуге, нашақорлықпен айналыспауға;
-Әр уақытта таза және ұқыпты болып жүруге;
6. Колледж ғимараты мен оның аумағындаүнемі тазалықты сақтауға;
7. Оқытушы мен ата-аналардың заңды талаптарын орындауға;
8. Сабақтан себепсіз қалмауға; себепті қалған сәтте дер кезінде анықтама немесе қолхат тапсыруға;
9. Сабаққа кешікпей келуге;
10. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде көрсетілгендей түнгі уақыт 22.00 ден таңғы 6.00 ге дейін ойын-сауық мекемелерінде , көшеде ата-ананың немесе қамқоршының қарауынсыз жүрмеуге, қыдырмауға;
11. Жол ережесін үнемі сақтауға;
12. Оқулықтар, дәптерлер және басқа оқу-құралдарын толық әкелуге;
13. Колледж формасын сақтауға;
14. Колледж ғимаратында ұялы телефоннан пайдаланбауға;
15. Колледж мүлкін сақтауға, колледж мүлкіне зиян келтірген жағдайда оны өз қалпына келтіріп беруге;
16. Колледждің жоғарыда айтылған барлық ережесін толы сақтауға және бұлжытпай орындауға;
Міндетті.Ата-аналардың міндеттері:1.Бала тәрбиесінің негізі ата-ана екенін естен шығармауға;
2. Колледжмен, топ жетекшілерімен және оқытушылармен тығыз байланыста болуға;
3. Өз ұлының (қызының) өмірін, оқуын, оның рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;
4. Өз ұлының (қызының) оқуға кешікпей келуін қадағалауға;
5. Жолда жүр ережесі және техника қауіпсіздік ережесін сақтауды үнемі еске салып отыруға;
6. Оз ұлын (қызын) сабақтан себепсіз қалдырмауға, себепті қалған жағдайда денсаулығына байланысты анықтама беруге және бұл туралы топ жетекшісін ескертуге;
7. Сабақтан бос уақытында және демалыс күндерінде өз ұлының (қызының) денсаулығы мен өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін өз бойнына алуға;
8. Өз ұлының (қызының) кешкі сағат 22.00 ден кейін қала көшелеріне қыдыруға, ойынханаларға, тойханаларға, би кештеріне бармауын қадағалауға; (Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 12- бабы бойынша жауап береді.)
9. Өз ұлының (қызының) колледж формасын киюін қадағалауға;
10. Әр семестрде өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысуға;
11. Колледж әкімшілігі, топ жетекшісі немесепән оқытушылары тарапынан шақырылған кезде уақытылы коледжге келуге;
Міндетті.Студенттер мен ата-аналар назарына:Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексі 12-тарау:
1.111-бап. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орныдамау;
1) Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамауы-ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштік беске дейінгі айыппұл салуға әкеп соғады.
2) Осы баптың 1-бөлігінде аталған кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді, есерткі құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен айналысуына әкеп соққан іс-әрекеттер, сол сияқтылардың қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар әрекеттер жасау- ата-аналарға немесе басқа да заңдыөкілдеріне айлық есептік көрсеткішліктіңалдынан онға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2.112-1 бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22.00 ден таңғы 6.00 ге дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша 111-баппен ата-аналар жауапкершілікке тартылады.
Емтихандар және сынақтар жіберу туралы жалпы колледжішілік ережесі
1.Сынақтар мен емтихандарға төмендегі студенттер жіберілмейді:
1) Оқу үрдісін меңгермегені және тәртібіне байланысты оқудан шығарылған студенттер;
2) Сынақтар мен емтихандарға 1, 2. 3-курс студенттерінен төлемақыны қажетті мөлшерін (І жарты жылдықтағы сессияға дейін жалпы төлемақы құнының 50 % ын, ІІ жарты жылдықта 100% ын) төлемеген студенттер;
3) Пәндер бойынша қорытынды баға қорытылмаған студенттер;